Біз имандылықты «обал болады» деген сөзге сыйдырған ұлтпыз – Серікбай қажы ОРАЗ (ФОТО)

Біз имандылықты «обал болады» деген сөзге сыйдырған ұлтпыз – Серікбай қажы ОРАЗ (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

4 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында жергілікті зиялы қауым өкілдері, түрлі саладағы мекеме жетекшілерімен өткен жүздесуге қатысты деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимаратында жергілікті зиялы қауым өкілдері, түрлі саладағы мекеме жетекшілерімен өткен жүздесуге қатысып, қоғамды ізгілікке үндеудің маңызы туралы айтып өтті.

«Біз ізгілік пен қайырымдылықты, жалпы имандылықты «обал болады» деген сөзге сыйдыра білген халықпыз. Нан қиқымын төкпеуді, өзгенің ала жібін аттамауды, біреуге қиянат жасамауды, ренжітпеуді, тіпті қорадағы малдың өзін қорламауды үйретіп, «обал болады» деген сөзді ұрпақ санасына сіңіре білген ұлтпыз. Осы құндылықты жастарға көбірек айта беруіміз керек. Оларға дәстүрді үйреткеніміз – дінге шақырғанымыз. «Обал болады» деген сөзді айта беруіміз – ізгілікті насихаттағанымыз», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Бөлісу: