Мешітке ат беруде тәртіп қатаң сақталуы тиіс – ҚМДБ төрағасы (фото)

Мешітке ат беруде тәртіп қатаң сақталуы тиіс – ҚМДБ төрағасы (фото)

Ел іші
Жарнама

18 Cәуір. Астана. Ummet.kz - Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораз осылай деді, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

«Мешітке ат қоюдың өзіндік тәртібі мен ережесі қалыптасқан. Мешітке дін қайраткерлерінің, ғұлама-ғалымдардың, еліміздің игілігі жолында ерен еңбек еткен тұлғалардың, рухани-ағарту жұмысына сүбелі үлес қосқан ұлт мақтаныштарының, халықты қорғауда ерлікпен қаза тапқан соғыс ардагерлерінің, т.б. есімдері беріледі. Бұл талап қатаң сақталуы тиіс», – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Төралқа мәжілісінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталып, 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралардың есебі тыңдалды.

 

Бөлісу: