Ораза қарсаңындағы әзірлік (фото)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана іргесіндегі «Әлжан ана» мешітінде қала мешіттерінің кезекті жиналысы өтті. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов төрағалық еткен бұл жиында қасиетті Рамазанға дайындық мәселелері талқыланып, жиналыстың күн тәртібінде тарауих намазы, Құран хатым, мешіттерді безендіру, пітір садақа және ауызашар ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. 

Айта кету керек, биылғы жылы оразаның басталуы маусым айының 18-іне сәйкес келеді. Осыған орай еліміздің барлық мешіттерінде дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Елордамыз Астаның да мешіттері маңызды істерден тыс қалмай, қасиетті айдың лайықты өткізілуін басты назарға алып отыр.

Бөлісу: