Түркия діни қоры Қазақстанның 7 қаласында ауызашар өткізеді

Түркия діни қоры Қазақстанның 7 қаласында ауызашар өткізеді

Ел іші
Жарнама

29 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Түркия Діни қоры (TDV) мен Түркияның Астанадағы елшілігі жанындағы Дін жөніндегі кеңесі Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінде ауызашар өткізді, деп жазады   kazislam.kz сайты.

«Қазақстанның әртүрлі аймағында өткізілетін ауызашар бағдарламасы аясында мұсылмандарға 10 мың дана Құран Кәрім сыйға тартылады» деп хабарлайды Түркияның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Дін жөніндегі кеңесшісі Галип Акын. Ол сондай-ақ, Рамазан айында Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Павлодар мен Ақтөбе қалаларында Түркия Діни қоры атынан 35 000 адамға арнайы ауызашар берілетінін атап кетті. «Біз бір дастарқан басында бауырлас қазақ ағайындармен бірге ауыз ашқанымызға қуаныштымыз. Рамазан – бауырлықты, мейірімділікті арттыратын ай» деді Акын.

Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің наиб имамы Бағзат Ақжол өз кезегінде мұндай акциялар бауырлас елдер арасындағы байланысты арттыра түсетінін айтады.

Бөлісу: