ҚМДБ төрағасы Ресейдің Саратов облысына барды (фото)

ҚМДБ төрағасы Ресейдің Саратов облысына барды (фото)

Ел іші
Жарнама

29 мамыр. Астана. Ummet.kz - Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған ҚМДБ делегациясы Ресейдің Саратов облысына барды, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Ресми сапар аясында Серікбай қажы Ораз қазақ диаспорасы көп шоғырланған Александров-гай ауданында болды. Аудан басшысы Сергей Анатольевич пен Саратов облысы бойынша ішкі саясат және қоғаммен байланыс министрі Елена Юрьевна мәртебелі мейманға өңірдің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

«Александров-гай ауданында діни татулық пен өзара рухани келісім қалыптасқан. Тұрғындар бір-бірінің діни ұстанымдарына құрметпен қарайды. Дәстүрлі діни мерекелерді жоғары деңгейде атап өту үшін аудан әкімшілігі тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», – деді өңір басшысы С.Анатольевич.
Өз кезегінде Саратов облысы бойынша ішкі саясат және қоғаммен байланыс министрі Елена Юрьевна Бас мүфтидің ресми сапары Ресей мен Қазақстан арасындағы рухани қарым-қатынасты нығайта түсетінін атап өтті.

Өңірде 80 мыңға жуық қазақтар тұрады екен. Бас мүфти жергілікті қазақтармен кездесіп, емен-жарқын сұхбаттасты. Аудан орталығындағы мешітте болып, жамағатпен жүздесті. Халықтың бірлігі мен игілігі үшін дұға жасады.

Бөлісу: