Ресей сапары: Тараптар тәжірибе алмасты (ФОТО)

Ресей сапары: Тараптар тәжірибе алмасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

29 мамыр. Астана. Ummet.kz - Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастаған делегация ресми сапар аясында Ресей мұсылмандары діни басқармасының жұмысымен танысып, екіжақты тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Дін қызметкерлері ғылыми салада игі жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаластық жасады. Атап айтқанда, «Ұлы жібек жолы» жобасы аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу туралы пікір алмасты. Еуразия мұсылман ғұламалары форумы аясында бірыңғай өзекті пәтуалар шығару мәселесі де сөз болды.

Екіжақты кездесу барысында Ресей мұсылмандары діни басқармасы, мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдин Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезіне қатысатынын мәлімдеді. Екі елдің мүфтилері съезд аясында жүзеге асыратын жұмыстарды пысықтады.

Бөлісу: