Аяттары шөппен жазылған Құран табылды

Аяттары шөппен жазылған Құран табылды

Ел іші
Жарнама

25 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - Қызылордада аяттары шөппен жазылған Құран кәрім кітабының түпнұсқасы сақтаулы, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

1740 жылы Мысырдағы «Фарухи» баспасында қатталған жинақ облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ең құнды жәдігері саналады. Араб тілінде жазылған Құран түсініктемесінің мұқабасы арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. 446 беттен тұратын туындыны кітапхананың ғылыми қызметкерлері өңірлік экспедиция барысында тапқан.

Арнайы зерделеген ғалымдар хижра жылы бойынша 1293 жылы шыққан кітап аяттары мен сүрелері көмескілене қоймағанына таңданыс білдірді. Рухани құндылықтың қайнар көзі саналатын кітап қолжетімді болу үшін электронды нұсқасы әзірленді. Енді кез келген оқырман рухани ордадағы құнды жазбалардың бірегейін оқып тани алады.

Жалпы 410 мың дана кітап қоры бар кітапханада көнеден сыр шертетін осындай 606 сирек туындының барлығы электронды форматқа көшірілді. Нұржамал Мырзамұратова, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры: - Облыс бойынша 4590 кітапты цифрлы форматқа көшіріп болдық. Оның 2390-ы кітаптар болса, қалғаны газет-журналдар. Өлкетануға қатысты араб, парсы, түрік, шағатай, қазақ, өзбек, орыс тіліндегі әдебиеттерден құралған.

Бөлісу: