Дархан Кәлетаев жұмыс сапарымен АҚШ-та болды

Дархан Кәлетаев жұмыс сапарымен АҚШ-та болды

Ел іші
Жарнама

25 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев іссапармен АҚШ-қа барып, Вашингтонда және Нью-Йоркте АҚШ Конгресі мүшелерімен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен, сондай-ақ, АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки комиссиясының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы діни ахуалдың дамуы жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті. Кездесу қатысушылары пікір алмасу нәтижелеріне қанағаттанатынын білдірді.

Нью-Йоркте Д.Кәлетаев БҰҰ жанындағы Діни үкіметтік емес ұйымдар комитетінің төрағасы С.Парамешанандамен және «Діндер бейбітшілік үшін» әлемдік конференциясының Бас хатшысы У.Вендлимен екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ өкілдері Д. Кәлетаевтің Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезінің кезекті отырысына қатысу жөніндегі шақыруды қызығушылықпен қабылдады.

Астана дінаралық сұхбатының өсіп келе жатқан беделін мойындай отырып, олар Съездің жекелеген секцияларына модератор ретінде қатысуға дайын екеніндіктерін білдірді.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті Съезі биыл қазан айында Астанада өтеді.

img 4459

Бөлісу: