ҚМДБ: 30 имам Түркияға аттанды (ФОТО)

ҚМДБ: 30 имам Түркияға аттанды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

22 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - 30 имам білім жетілдіру үшін Анкара қаласына аттанды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісім негізінде Түркия тарапы жыл сайын қазақстандық дін қызметкерлерінің білім жетілдіруіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. 

Жуырда қазақстандық 30 дін қызметкері Түркия астанасы Анкара қаласына 2 айлық білім жетілдіру және тәжірибе алмасу курсына аттанды. 

Имамдарды шығарып салу рәсімінде сөз алған наиб мүфти Алау Əділбай:

"Оқу кезінде əр уақытты тиімді пайдаланып, барынша білім алуға талпыныңыздар. Бұл - сіздер үшін жасалған үлкен мүмкіндік əрі қамқорлық", - деп атап өтті.

Айта кетейік, бұл жоба 2002 жылдан бері жалғасын тауып келеді. 2002 мен 2018 жылдар аралығында 239 дін қызметкері 2 айлық білім жетілдіру курсында білім алған.

 
 
 
Бөлісу: