Елбасы БАҚ өкілдерін конфессиялық араздықты тоқтатуға шақырды

Ел іші
Жарнама

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық БАҚ саласын адамдар арасындағы конфессиялық араздықты тоқтатуға шақырды.

Мемлекет басшысы адамдарды ақылға шақырып, адамдар арасында конфессионалдық араздықты қоздыруда БАҚ-ты және Интернетті қолдануды тоқтату керек екендігін айтты. «Бұл мәселеде БАҚ иелерінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек. Кедейлік, ашаршылық, жұқпалы ауру, жұмыссыздық мәселесін шешу үшін күш біріктіру қажет. Мұның барлығы органикалық әлемнің жаңа қауіпсіздік архитектурасының бір бөлігі болуы тиіс» деді Н. Назарбаев.

«Интернетті  қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлері адамдар арасындағы конфессиялараралық араздықты тудыру практикасын тоқтатуға шақырамын. Адамдардың санасын көтеру керек. Бұл бағытта өздерін төртінші билік деп санайтын барлық баспалар мен бұқаралық ақпарат құралдары қожайындарының  моральдық жауапкершілігін көтеру қажет деп санаймын» деді Елбасы өз сөзінде.  

ummet.kz-ақпарат

 
Бөлісу: