Бас мүфти: «Дінсіз адам болғанымен, дінсіз қоғам болған жоқ» (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Елордада екінші күн қатарынан өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында бүгін секциялық тақырыптар бойынша отырыстар өтті.  «Бейбітшілік, қауіпсіздік және үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары арасындағы өзара құрмет пен түсінік негізіндегі сұхбат» атты секция отырысына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, дін ұғымы туралы кесімді ойын айтып, баяндама жасады.

Бас мүфти өз сөзінде бүгінгі еңселі Елорда төрінде бас қосқан дін көшбасшыларының парасатты пайымы мен келелі ой-пікірлері дінаралық татулық пен келісімді нығайта түсетініне сенімді екенін жеткізді.

«Дін сөзінің аясы кең, ұғымы ұлы. Ол - Құдайға құлдық ұрып, тек құлшылықтан бас көтермеу дегенді білдірмейді. Дін – өмір сүрудің үздік үлгісі, екі дүние бақытына жетелейтін ұлы жол. Дін – адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке ұйытатын құдіретті күш. «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын» дейді ақын Абай атамыз. Міне, дін дегеніміз – адамдық қасиетті қалыптастыратын теңдессіз тәрбие мектебі. Дін сөзінің араб тіліндегі мағынасы «сыйлық», «үкім», «есеп», «жаза», «шариғат», «мойынсыну», «бағыну», «құлшылық», «заң», «жол» дегенді білдіреді. Дінді адамды Алланың даналыққа құрылған таңғажайып жаратылысынан ғибрат алуға, өмірдегі мақсаты мен міндетін айқындап беретін Құдайға құлшылық етуге тәрбиелейтін ұлы жол. Ислам адамға екі дүниенің қуанышы мен сыйына, бақыты мен берекетіне жетейлін тура жолды көрсетеді. Адамның бүкіл өмірін, амалын - ізгілікке, қайырымдылыққа бағыттайды. Тарихта дінсіз яки имансыз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

 


 

ummet.kz-ақпарат

 
Бөлісу: