Алматы Дін істері жөніндегі басқармасы Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздарын марапаттады

Алматы Дін істері жөніндегі басқармасы Нұр-Мүбарак университетінің ұстаздарын марапаттады

Ел іші
Жарнама

14 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы 2018 жылғы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай келе, Нұр-Мүбарак университетінің бірқатар мамандарына алғыс жариялады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары елімізде жан-жақты жүргізіліп жатқаны белгілі. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы»  Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бір жылда 600-ден аса іс-шара өткізген. Жалпы 70 мыңға жуық тұрғын қамтылған.

Осы жолда қызмет еткен мамандарға Дөңгелек үстел басында жылдық қорытынды жасалып, алғыс жариялап ең белсенділік көрсеткен лекторларға, атап айтар болсақ, оқытушы-ғалымдар Қайрат Затов, Оралхан Сейдманов, Жайдар Рахымғазиев, Альбина Дүйсенбаева, Айша Кеңесбайға сый-сыяпат берілді.

Алғыс хатты жыл бойы Алматы қаласында жүргізілген жұмыстарға сай Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков табыс етті.

Koritindi2018 2

Koritindi2018 3

Koritindi2018 3

Koritindi2018 3

Koritindi2018 3

Бөлісу: