Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа мешіт ашылды

Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

22 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz  Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы Текелі қаласына қарасты тағы бір мешіт ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті жұма күні Текелі қаласы Рудничный ауылында алматылық кәсіпкер азаматтың көмегімен, жанашыр азаматтардың ұйымдастыруында 300 адамға шақталған жаңа мешіттің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, халық игілігіне берілді.

«Мол береке» деп аталған жаңа мешіттің ашылу ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі, Алматы облысы Талдықорған өңірі «Иман» орталық мешітінің бас имамы Ардақ Оразбаев, Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов, Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Медетбеков және ауыл тұрғындары қатысты. 

Шара барысында тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, игі іске бастамашы болған және мешіттің құрылысына атсалысқан азаматтарға алғыс хаттарын табыстадым. Ал «Иман» мешітінің бас имамы Ардақ Оразбаев мешіт салудың мәртебесі мен сауабы жайлы айта келе құлшылық үйін тұрғызған азаматтарға алғысы мен ізгі ниеттерін жеткізді.

Қала әкімі арнайы құттықтау сөз сөйлеп, құлшылық нысанының халықтың береке-бірлігі мен руханиятына қызмет ететін ордаға айналуына, «Жастар жылында» жүзеге асқан игі бастама, жастардың патриоттылыққа, имандылыққа, елжандылыққа тәрбиеленуіне ұйытқы болса деген жүрекжарды тілегін білдірді. Әрі Ұлыстың Ұлы орай келген қасиетті жұма күніндегі салтанатты іс-шараға өз ризашылығын білдіріп, атсалысқан азматтарға алғыс білдірді.

Ауыл ақсақалдары да азанды ауыл болғандарына қуанысып, өз ризашылығын білдіріп, мешіт жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен бірге, мешіт ашылуы қарсаңында ауыл тұрғындағы осыған дейін «Ислам және жастар» жылына орай ауыл спортын жандандыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық спортты жандандырып, жастар арасында гуманизм мен өмірге құштарлық тенденциясын қалыптастыру мақсатында арнайы көкпар беріп, уыл мектебінің асханасында 250 адамға арнайы дастарқаны жайған болатын.

Ал, ашылу салтанатына жиналған көпшілік әуелі сансыз нығмен сыйлаған Аллаға, сосын бейбіт күнде осындай жақсылықтармен қауыштырған Отанға алғыстарын білдірді. Осылайша, жастар жылында жас кәсіпкердің сауапты жұмысы халық игілігіне жол тартты.

 0101

55539172 1151464908367776 3963167723625644032 n

 0102

 0103

 0104

 0105

 0106

 0107

 0108

2fe6d625 9b79 437c 9ea5 a732d6f95ea1

be8cd100 917a 4c28 bac7 34432adc9f2f

ad2ed8c4 0beb 4f79 8ecb f8b5a829d460

Бөлісу: