ҚМДБ: РАНТ мүшелері ҚР заңдары мен тарихтан тест тапсырды (ВИДЕО)

ҚМДБ: РАНТ мүшелері ҚР заңдары мен тарихтан тест тапсырды (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

5 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобына үміткер белгілі дін қызметкерлері тест тапсырды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Электронды емтихан сұрақтарына фиқһ, сира, ҚР заңдары мен заңнамалары, тарих, т.б. пәндер енгізілген. Мақсат – дін қызметкерлері арасында сараптама жүргізіп, білім деңгейін анықтау. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тест тапсыру шарасына арнайы қатысып, емтихан жүргізу барысымен танысты.

«Біз дін қызметкерлерін әрдайым жетілдіріп отыруымыз керек. Имамдар тек діни біліммен шектеліп қалмауы тиіс. РАНТ тобының нәтижелі жұмысының арқасында өткен жылы 347 азамат радикалды райынан қайтты», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Айта кетсек, 2018 жылда РАНТ құрамында 28 адам жұмыс істеді. Өңірлер бойынша 250-ге жуық жалпы кездесу, 150 жеке кездесу өтті.

РАНТ жұмысына қатысты енгізілген ерекшеліктер: биылғы құрамға өкіл имамдардың ұсынысымен жаңадан 30 адам енді, топ мүшелері жыл сайын сараптамадан өтеді, биыл РАНТ және ЖАНТ тобына арналған әдістемелік құрал жасалады.

Бөлісу: