Ақтөбе облысында жаңа мешіт ашылды

Ақтөбе облысында жаңа мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

6 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында жаңа мешіт қасиетті жұма күні ел игілігіне пайдалануға берілді. Имандылық үйінің салтанатты ашылу рәсімі Құран оқумен басталды, деп хабарлайды nurgasyr.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Игілікті шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысып, Мәртөк жамағатының қуанышын бөлісті. "Мешіт – имандылықтың ордасы. Дін – тұрақтылық мен татулықтың кепілі. Бүгінгі ашылған Алла үйі осы мақсатта халыққа қызмет етеді деп сенеміз. Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын!", - деп өзінің игі тілегін білдірді.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан сөз сөйлеп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің ыстық сәлемдемесін жеткізді. Т.Оспан: "Ақтөбеде 68 мешіт бар. Жамағаттың өтініші бойынша Ақтөбе қаласынан тағы да 4 мешіт салуға жер бөлініп отыр. Бүгінгі мешіттің құрылысының басы-қасында аудан басшылығы жүрді. Мұның барлығы да мемлекеттің дәстүрлі дініміздің дамуына жасап жатқан қамқорлығы деп білеміз. Бір қуанарлығы, Ақтөбедегі барлық мешіттерді жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар салған. Яғни, шетелдік демеушілердің қаражатына тұрғызылмаған. Мәртөктегі мешіт те жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың көмегімен тұрғызылып отыр. Бұл – ақтөбеліктердің ұйымшылдығы мен ауызбіршілігін көрсетеді", - деді.

Салтанатты шара соңында мешітке келген барша жұртшылыққа арнайы ас берілді.

Еліміздің өнер саласындағы майталмандар мен «Музарт» тобының әншілері де бүгінгі қуанышты шараға қатысты. С.Майғазиев жаңа мешіттің алғашқы азанын шақырып, өкіл имам Төлеби Дәділұлы жұма намазын жүргізді.

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.27.47

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.27.49

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.31.59

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.01

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.02

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.03

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.04

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.03 1

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.08

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.32.10

WhatsApp Image 2019 04 05 at 14.34.00

WhatsApp Image 2019 04 05 at 14.34.00 3

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.27.44 1

WhatsApp Image 2019 04 05 at 10.27.44 2

Бөлісу: