«Бір күндік медресе» жобасы халыққа жол тартты

«Бір күндік медресе» жобасы халыққа жол тартты

Ел іші
Жарнама

10 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Бір күндік медресе» жобасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ислам дінін тар ұғымнан арылту үшін және уақыт тапшылығымен дініміздің құндылығын үйрене алмай жүрген бауырларымызға арналған «Бір күндік медресе» жобасы қолға алынды.

Алғашқы дәрістегі сөз басында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы аталмыш бағдарлама аясында өтетін сабақ барысымен жоба қатысушыларын таныстырды. Арнайы тіркелуден өткен 70-тен аса тыңдаушылар легі екі топқа (ерлер және әйелдер) бөлініп, «Ислам дініндегі тазалық», «Халал және харам», «Намаз түрлері» сынды дәрістер өткізілді.

Сонымен қатар, келесі апталарда өтетін дәрістер бағдарламасында: Кіріспе (мешітпен таныстыру, терминология, Исламдағы халал-харам, дәрет алу); Намаз сабағы (намаз орындау тәртібі, сүрелер, дұғалар); Ислам парыздары (ораза, зекет, қажылық); Ақида, сенім мәселелері (қарама-қайшылық мәселелері); Пайғамбарлар тарихы сияқты дәрістер болып өтеді.

Айта кетейік, «Бір күндік медресе» аптасына 1 рет өтетін дәріс арқылы (жалпы курс 4 апта) Ислам дінінің негіздерін және намазды толықтай үйренуге мүмкіндік береді.

0x0 17

0x0 17

0x0 17

0x0 17

0x0 17

Бөлісу: