Мешіт қызметкеріне Бас мүфти атынан «Алғыс хат» табысталды (ФОТО)

Мешіт қызметкеріне Бас мүфти атынан «Алғыс хат» табысталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде қызмет атқаратын Наград Әленханұлы ұзақ уақыттық дін саласында атқарған қажырлы жұмысы үшін Бас мүфтидің атынан арнайы алғыс хат табысталды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елордалық тұрғындардың ішінде Наград ағамызды білмейтін жамағат жоқ шығар. Қашан көрсеңіз, қолына таяғын сығымдай ұстап, құлшылық ордасының кем-кетігін жөндеп, жыртығын жамап келе жатқан Наград Әленханұлы осы мешіттің шаруашылық меңгерушісі, іс басқарушысы қызметтеріне аттай 23 жылын жұмсаған екен.

Ширек ғасырға жуық уақыт бойы Алла үйінің абыройын ақтап, қарашығындай аялап келе жатқан ағамыздың ересен еңбегін ескерген Діни басқарма басшылығы Наград Әленханұлына бүгін арнайы «Алғыс хат» табыстады. Еңбегі жанған білікті қызметкерді ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабылдап, арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында Наград Әленханұлының құлшылық ордасына сіңірген сүбелі еңбегін, жақында ашылған ҚМДБ ғимаратының жұмыстарына қосқан қажырлы үлесін ерекше атап өткен Наурызбай қажы Тағанұлы ілтипатын білдіріп, Бас мүфти «Алғыс хатын» табыс етті.

688ed100e6dddd9dbcdb18ef9105ea2a

9abceef5a73e8d4b7f50f72dfc334648

29dedd719da19b9323008d3099d45fa6

464b7515f9805e66baa21b0dc5bfc824 1

Бөлісу: