14
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти: Өзге дінге тіл тигізу - мұсылманның сипаты емес (ВИДЕО)

Бас мүфти: Өзге дінге тіл тигізу - мұсылманның сипаты емес (ВИДЕО)

Мешіт тынысы
Жарнама

12 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Астана» мешітінде тарауық намазына қатысып, жиналған жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұр Астана» мешітінде таруық намазына қатысты. Тарауық намазының алдында жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтай отырып, «Әнғам» сүресінің мазмұны турасында уағыз айтқан мүфти хазірет басқа дін өкілдеріне тіл тигізбеу жайында өзінің өзекжарды ойларымен бөлісті.

«Бұл сүренің бір ерекшелігі - мұнда басқа дін өкілдерінің сеніміне тіл тигізбеу жайында аят бар. Онда «Ғайры (өзге) діндегілердің (ғайры сенімдегілердің) Алладан басқа тəңір тұтып, жалынып-жалбарынатын өздерінің сеніміндегі жаратушы деп таныған құдайларына тіл тигізбеңдер. Əйтпесе, олар да надандықпен, білместікпен сендер бір деп таныған Аллаға тіл тигізіп, сендерге де кесірі тиеді...», - делінген. Сонымен бірге Құранда «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме» деп аяқталатын тұтастай бір сүре («Кәфирун» сүресі) бар. Яғни тыныштық үшін, тұрақтылық үшін, ортақ өмір сүріп отырған жер бетіндегі бейбіт өмір үшін барлық нәрсеге төзімділікпен, сабырлықпен, түсіністікпен қарап, басқа біреудің сенімін табаламауы керек екен», - деді Бас мүфти.

Осылайша, қасиетті айдың құлшылығын елордалық жамағатпен бірге өтеген мүфти хазірет тарауық намазының соңында еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасады. 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: