«Берекелі Рамазан» дастарханына боксшылар шақырылды (ФОТО)

«Берекелі Рамазан» дастарханына боксшылар шақырылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

17 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Берекелі Рамазан» дастарханына еліміздің атын әлемге танытып, көкбайрағын желбіретіп жүрген боксшылар қауымы шақырылды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев бастаған темір жұдырықты жігіттер ақшам намазынан соң «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосып, «Берекелі Рамазан» дастарханынан ауыз ашты.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев құрметті қонақтарды қарсы алып, боксшы жігіттермен бірге берекелі отырыс өткізді. Дастархан басында Рамазан айының қадір-қасиеті жайында, асыл дініміздің қағидалары мен нығметтері жайында уағыз айтылып, қонақтардың көкейінде жүрген көптеген сауалдарының түйіні тарқатылды. Әсерлі әңгіменің желісі үзілмей, дастархан басынан қимай тұрған қонақтар бұдан соң Бас мешіттегі тарауих намазына қатысып, құлшылықтарын жалғастыра түсті.

Айта кетейік, «Берекелі Рамазан» дастарханының келесі жолғы қонақтары  Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы аналар мен мұқтаж жандар болмақ.

1ff569f65686e62101dbce2e5c02af8c

7842e12f40415cdafde93283d05af929

67319de2ac60fc6fe4cccc610bc2fb7f

c70276e2dafbf0b8bd1524225711660d

240405f072b42e698aa7c35e5b16f125

020d5adfa16e4c898d0136677ebc9726

Бөлісу: