Мешіттегі семинарға БҰҰ елшісі қатысты (ФОТО)

Мешіттегі семинарға БҰҰ елшісі қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

18 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Исламдағы әйел бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Айтулы басқосуға БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі елшісі Алаа Мурабит, БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қор (ЮНФПА) өкілі Джулия Валезе және осы қордың Қазақстан бойынша ұлттық бағдарламалар үйлестірушісі Ғазиза Молдақұловалар арнайы шақырылып, аталмыш тақырып аясында пікір алмасты.

Дөңгелек үстел отырысына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Руслан Сұлтанов, ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев және ҚМДБ Әйелдер-Қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы қатысып, ортақ ой қорытты. «Исламдағы әйел бейнесі» тақырыбында өрбіген қонақтар баяндамасынан соң қатысушылар арасында пікірталасқа кезек беріліп, түйткілді мәселелерді шешудің түрлі жолдары айтылды.

Бөлісу: