Кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылыққа берді

Кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылыққа берді

Ел іші
Жарнама

30 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Павлодарлық кәсіпкерлер 435 000 теңгенің су жаңа киімін қайырымдылық ретінде «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің зекет бөліміне берді, деп хабарлайды mazhab.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Әрбір жасаған  сауапты істеріміз жетіден жетіжүз есеге дейін еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымы зекетін, садақасын  тезірек беріп үлгеріп, сауапқа кенелгісі келеді. Сондықтан кәсіпкер Медетов Алтынбек Пердебайұлы кәсібінің зекеті ретінде 200 000 теңгенің  көлеміндегі балалардың спорттық киімдерін  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің зекетке жауапты өкіліне табыстады.

Ал қаладағы «UZ Kaz Tex Trage» компаниясының директоры  Нурматов Умид бауырымыз 10 ұл балаға  160 000 теңгеге бағаланатын  костюмдерімен  қайырымдылық жасады. Ал Қорғанбай Еламан Сарсенбайұлы бауырымыз 75000 (жетпіс бес мың) теңгенің бағасы бар киімдер берді

Алла Тағала барлығымызға осылай жақсылықтар жасап, сансыз сауаптарға кенеле беруді нәсіп етсін!

тез

з1

з2

з3

Бөлісу: