ҚМДБ төрағасы өнер өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы өнер өкілдерімен сұхбаттасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

3 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өнер өкілдерімен əңгімелесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесуге қазақ өнерінің танымал өкілдері - Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Ерғали Əбдірайымов, Ақбота Керімбекова, ал мүфтият тарапынан Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қатысты.

Басқосуда Бас мүфти мен өнер өкілдері қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасаудың мəні мен маңызын сөз етті. Серікбай қажы Ораз көп балалы екі отбасының баспаналы болуына белсенді үлес қосқан танымал өнер өкілдеріне алғысын жеткізді.

Кездесуде, сонымен қатар сонау VIII ғасырда қазақ топырағына жеткен асыл дініміздің рухани құндылықтары жайлы əңгіме өрбіді.

Берекелі басқосудан соң Бас мүфти қонақтарға "Ұлы дала төсіндегі Ислам" атты авторлық кітабын сыйға тартты.

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 18

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 18 1

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 19

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 19 1

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 19 2

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 20

WhatsApp Image 2019 06 02 at 13 48 20 1

Бөлісу: