Талапкерлер емтихан тапсырды (ФОТО)

Талапкерлер емтихан тапсырды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

13 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Республикасының діни басқармасы арасындағы келісімге орай 2019-2020 оқу жылына «Хасеки» академиясына талапкерлерді қабылдау емтиханы 10-11 күндері өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Түркия елінен арнайы Оқу-ағарту департаментінің басшысы Окуян Суат, Діни жоғары білікті мамандарды жетілдіру «Хасеки» иституттары департаментінің басшысы Аккуш Абдуррахман келіп, талапкерлерді іріктеуден өткізді. Комиссия мүшесінің қатарында Т.Р. Нұр – Сұлтан қаласындағы төтенше және өкілетті елшілігінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын да болды.

Қабылдау емтиханының ашылуына ҚМДБ діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Б. Мырзагедиев қатысып, 100 шәкірт үміткерлік танытып құжат тапсырды.

Бөлісу: