19
Жұма,
Сәуір

һижри

Татарстан мүфтиі Бас мүфти Үндеуіне қолдау білдірді

9 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Татарстан мұсылмандарының діни басқармасы Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының мұсылман әлеміне жасаған үндеуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бірқатар елдерде жұма намазы оқылмайды

Әлемде коронавирус індетінің өршуіне байланысты бірқатар елдердегі мешіттерде жұма және басқа да намаздарды оқу уақытша тоқтатылды. Жағдайға байланысты Араб елдері, Орта Азия мемлекеттері, басқа да мұсылман мемлекеттері арнайы пәтуа шығарды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Исламабадта халықаралық марапат берілді

12 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Пәкістан Ислам Республикасының астанасында өткен Конфессияаралық диалог және ұлттық бірлік жөніндегі халықаралық конференцияда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» беделді халықаралық марапаты берілді, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Самарқан қаласында жатқан ислам ғұламаларына зиярат жасалды (ФОТО)

5 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында имам Бұхари мен Әбу Мансұр әл-Матуриди мазарын зиярат етіп, Құран аятын бағыштады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Өзбекстан сапарының қорытындысы бойынша сұхбат берді (ВИДЕО)

5 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасына жасаған ресми сапары бойынша «24 Хабар» телеарнасы, «Хикмет» телерадиостудиясы мен өзбекстандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді, деп хабарлайды ӨМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Наурызбай қажы Тағанұлы Украина мүфтиімен кездесті

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында Украина мүфтиі, шейх Ахмет Тамиммен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти «Әл-ӘзҺар» шейхы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты

4 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында әйгілі «әл-Әзһар» университетінің шейхы, Мысыр бас имамы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мұсылман фотограф әлемді мешіт терезесінен көрсетті

3 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мұсылмандар мен басқа қоғамның байланысын жаңа қырынан көрсетуге талпынған фотограф Марван Бассиуни Нидерландының 70-тен астам мешітін аралап, «Жаңа Голландия көріністері» атты пейзаждық фотосуреттер түсірді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Самарқанда халықаралық конференцияға қатысты (ФОТО)

3 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласында басталған «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Өзбекстан сапары: Бауырлас елдердің байланысы бекиді (ФОТО)

3 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мен Өзбекстан мүфтиі Усмонхон қажы Алимовтің Самарқан қаласында өткен екіжақты кездесуінде бауырлас елдердің байланысын арттыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти бастаған делегация Өзбекстанға келді (ФОТО)

2 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Ташкент қаласына келді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.