16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Нью-Джерси штаты Клифтон қаласы Білім органы мұсылман мерекелеріне орай жаңа оқу жылына бекітілген мектеп күнтізбесіне толықтырулар енгізді, деп хабарлайды North Jersey.

Өзбекстан республикасында «Жарнама туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Жаңа толықтырулар комерциялық мақсаттағы жарнамаларда адамгершілікке жат дүниелерді қолдануға тыйым салынды.

Қырғыз елінде шаруа отбасында сырт пішіні өзгерген тауық жұмыртқасы ел назарын аударды. Үй иесі жұмыртқа қабығындағы көрініс араб қарпіндегі «Алла» деген сөз екенін аңғарған.

#placesyoullpray хэштегі әлем мұсылмандарын біріктіріп, жер әлемнің әр нүктесіндегі ғажап әсер қалдыратын құлшылық сәттерін паш етті.

Қырым татары Селиме ханым Сейтумерқызы 103 жаста. Әкесі 8 бала өсіріп, өз өңірінде молдалық еткен көрінеді. Селиме қария 5 жасында әкесі арқылы Құран танып, 12 жасында қасиетті кітапты толық жаттап шыққан.

Нигерияның Ондо штаты қажылары қайырымдылық қоры өкілдері ел мұсылмандарына қажылық алдында денешынықтырумен айналысу туралы ұсыныспен шықты. «Бұл қажылардың қасиетті рәсімді денсаулықтарына зиян келтірмей өткізуіне мүмкіндік береді» дейді қор өкілдері.

Канзас-ситиде (АҚШ) қоғамның әлеуметтік аз қамтылған ортасына арналған тегін асхананың орнына ерекше үлгідегі мейрамхана ашылды. Онда үйсіз-күйсіз жүргендерге, кедей-кепшіктерге кәдуілгі қонақтар секілді қызмет көрсетіліп, даяшы арнайы ас мәзірін ұсынады. Ас-тағамы толықтай тегін мейрамхана есігі таңертең сағат 11:00-ден түскі 14:00-ге дейін ашық болады.