20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тәжікстандағы білім беру мекемелері мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізу жоспарланды. Енді 9 сынып оқушылары «Дін негіздері» пәнін оқитын болады.

Әзербайжанның атақты миллиардері Мубариз Мансимов мына ісімен Түркия халқын таң қалдырған. Ол бірде қаладағы ең қымбат ресторанға барып түстеніп отырғанда, бір қарт әжей кіріп келіп мейрамхана қызметкерлерінен тамақтанып алуын сұрап өтінеді. Алайда ресторан қызметкерлері қарт әжейді бейшара санап шығарып жіберуге тырысады.

Марокко билігі Ресей елдерінен келетін туристерге арнайы назар аударып отыр. Осы мақсатта жарнама компанияларына 2 млн долларға жуық қаражат бөлінеді. Ауқымды кампания баспа, электронды БАҚ, сыртқы жарнама арқылы таралатын болады.

Жастардың, қыздар мен ер балалардың әлеуметтік желілерде жекелеген хат алмасулары кей жағдайда зинақорлыққа жол береді. Бұл туралы Каир телеарнасына берген сұхбатында Египет Уақф министрінің бірінші орынбасары шейх Сәлем Абдел Жәлел мәлімдеді.

Қырғыз парламенті депутаты Тазабек Икрамов мұсылман қауымы түскі үзіліс кезінде жұма намазын оқып үлгеруі үшін қосымша уақыт беру туралы ұсыныс жасады.

Ұлыбританияда жүргізілген ауқымды сауалнама барысында британ мұсылмандарының 94%-ы ДАИШ террористік ұйымының ислам дінімен еш байланысы жоқтығын, сондай-ақ ұйымның ешқандай да ислам мемлекеті еместігін мәлімдеді.

Пәкістандық инженер Самир Икбал алғашқы сатыдағы қатерлі ісікті анықтайтын құрылғы ойлап шығарды. Осы заманауи диагностика қауіпті сырқатты жеңуге жәрдемдеседі.