25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Қоршаған орта және орман шаруашылығы министрлігі ауыз су зардабын тартып отырған тағы тоғыз африкалық елге қол ұшын созады». Бұл жайында аталған ведомство басшысы Вейсель Эроглу мәлімдеді.

Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің имамы Мұхаммед Аюб дүниеден озды. Белгілі шейхті өзі ұзақ жылдар қызмет еткен мешіт маңында «әл-Бакия» қабіріне жерледі.

Сенегалдағы діни мектептер өте қиын жағдайды бастан өткеруде. Алайда, 7-12 жас аралығындағы 50 мыңға жуық бала осындай қиыншылықтарға мойымастан, Құран оқып, ислам ілімін меңгеруге ден қойған.

Стамбулда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде Белоруссия президенті ислам әлем қауіпсіздігінің, тұрақтылығының кепілі боларын мәлімдеді, деп жазады БелТА агенттігі.

Қағбаның уақытша матафының негізгі бөлігі алынды. Құрылыс жұмыстары «әл-Харам» мешітін кеңейту жөніндегі техникалық комитеттің шешімімен 4 сәуірде басталған.

Филадельфиядағы америкалық Mastery Charter Schools ірі мектеп желісі оқу күнтізбесіне мұсылман халқының екі мерекесі – Ораза айты мен Құрбан айт күндерін енгізбек.