19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қырым татары Селиме ханым Сейтумерқызы 103 жаста. Әкесі 8 бала өсіріп, өз өңірінде молдалық еткен көрінеді. Селиме қария 5 жасында әкесі арқылы Құран танып, 12 жасында қасиетті кітапты толық жаттап шыққан.

Нигерияның Ондо штаты қажылары қайырымдылық қоры өкілдері ел мұсылмандарына қажылық алдында денешынықтырумен айналысу туралы ұсыныспен шықты. «Бұл қажылардың қасиетті рәсімді денсаулықтарына зиян келтірмей өткізуіне мүмкіндік береді» дейді қор өкілдері.

Канзас-ситиде (АҚШ) қоғамның әлеуметтік аз қамтылған ортасына арналған тегін асхананың орнына ерекше үлгідегі мейрамхана ашылды. Онда үйсіз-күйсіз жүргендерге, кедей-кепшіктерге кәдуілгі қонақтар секілді қызмет көрсетіліп, даяшы арнайы ас мәзірін ұсынады. Ас-тағамы толықтай тегін мейрамхана есігі таңертең сағат 11:00-ден түскі 14:00-ге дейін ашық болады.

Сауд Арабиясында Меккедегі қасиетті мешіттегі қажылық рәсімдері кезінде туындайтын проблемаларды оңтайлы шешетін смарт-жүйесі әзірленді.

Сауд Арабиясы соты 28 жастағы азаматты Twitter әлеуметтік желісі арқылы атеистік көзқарастағы жазбаларды таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Цзяотун Тайвань ұлттық университетінің студенттері қытай мұсылмандарына Тайвань провинциясында халал ас сататын мекемелерді оңай табуға көмектесетін мобильді қосымша әзірледі.

Францияда VIII ғасырға тән мұсылман қабірі табылды. Бұл мұсылман халқының Батыс Еуропаға осы уақытта келе бастағанын айғақтайтын дерек, деп хабарлайды «Lenta.ru».