«Бір мезетте – бір ниет» шарасы ұйымдастырылды (ФОТО)

«Бір мезетте – бір ниет» шарасы ұйымдастырылды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

11 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мекке шаһарында дəстүрлі «Бір мезетте - бір ниет» дұға айту шарасын өткізді. Арапат аймағында өткен шараға 200-ге жуық қажы қатысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz

Наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев бастаған дін қызметкерлері еліміздің игілігі, халқымыздың амандығы мен тыныштығы үшін, сонымен қатар ұрпағымыздың иманды, ибалы болуын сұрап, дұға жасады. Сонымен қатар ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Құрбан Айт мерекесімен құттықтауын жеткізді.

Ал ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, танымал уағызшы Әбдіғаппар Сманов, Қабылбек Әліпбайұлы елдің амандығы мен бірлігі, жас ұрпақтың иман жолына түсуін тіледі.

Белгілі ұстаз Сансызбай Құрбанұлының тебіреніспен жасаған дұғасынан бір топ қажы көзіне жас алды.


«Уа, Жаратқан Ием, біздің жанымыз бен тәнімізді жамандықтан сақта! Қазақ халқының, күллі мұсылман үмбетінің екі дүниеде абыройын арттырып, мерейін үстем еткейсің. Арафатта қол жайған құлдарыңның тілегін қабыл еткейсің», - деп жалбарынды.


Шара соңында Құран оқылып, қасиетті аяттардың сауабы марқұмдарға бағышталды. Қажылықтың негізгі шарттарының бірінен болған арафатта тұру парызын өтеушілерге нәсіп болды. Осылайша бір мезетте барша жан дұға жасады. Арафатта тұру уақыты ақшам намазына дейін жалғасты.

0x0 33

0x0 37

0x0 35

0x0 36

news image 17925

0x0 39

0x0 34

Бөлісу: