Пайғамбар (с.ғ.с.) атындағы мешіт бой көтерді

Пайғамбар (с.ғ.с.) атындағы мешіт бой көтерді

Жаһан
Жарнама

26 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Шешенстанда Еуропадағы ең үлкен мешіт бой көтерді, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Алланың үйі Грозный қаласынан 35 шақырымдай жердегі Шали қаласында орналасқан. Ол ақ грек мәрмәр тасымен қаланып, алтын және өзге де асыл тастармен безендірілген. Мешіт күмбезінің биіктігі – 43 метр, ал төрт мұнарасының биіктігі – 63 метр. Оған бір уақытта 30 мың адам кіріп құлшылық ете алады.

Ал мешітке мұсылмандардың ардақты пайғамбары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) есімі берілді.

Бөлісу: