Сенегалда Батыс Африкадағы ең үлкен мешіт ашылды

Сенегалда Батыс Африкадағы ең үлкен мешіт ашылды

Жаһан
Жарнама

8 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Сенегалдың астанасы Дакар қаласында жаңа мешіттің ашылуына он мыңдаған адам жиналды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сыйымдылығы 30 000 адамға жететін құлшылық үйі бүгінгі таңда Батыс Африка елдері арасында ең үлкен мешіт деп саналып отыр. Мешіттің қасбеті каррара мәрмәрімен безендірілген және 78 метр биіктікте 5 мұнарасы бар.

Мемлекет осыдан 10 жыл бұрын 6 гектар жер бөлген еді. Он жыл жалғасқан құрылыстың нәтижесінде мешіт маңынан Ислам институты, кітапхана және мұражай ашылды.

Мароккандық ұсталардың қолымен жасалған ішкі безендірілуі тіпті көздің жауын алады. Алтын жалатылған күмбез, үлкен көлемді люстралар мен ою-өрнектер құлшылық орнының сәнін келтіріп тұр.

Мешіт құрылысы қалың көпшіліктің садақасымен салынды.

1109053

20190927 2 38445767 47971667

Бөлісу: