Әлемдегі ең үлкен 3D музейі ашылды (ФОТО)

Әлемдегі ең үлкен 3D музейі ашылды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

18 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ауданы 7000 шаршы метр болатын ғимараттың екі қабатын толық қамтыған Trick Art 3D мұражайы қонақтарға есігін ашты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Дубай қаласындағы музейдің әрбір бұрышы, тіпті сыртқы қабырғаларына дейін түрлі-түсті оптикалық иллюзия әлеміне елітеді. Мұнда келушілер әртүрлі өнер туындыларының 3D форматын тамашалай алады. Ерекше әлемге енгендей көңіл-күй сыйлайтын экспозициялар дүниенің төрт бұрышынан жиналған 20 қылқалам шеберінің еңбегі. Олар мұражайды толық салып шығу үшін жарты жылға жуық уақыт жұмыс істеген.

3D экспозициялар 9 тақырып бойынша бөлінген:

- иллюзия-елес,

- араб әлемі,

- Мысыр,

- су асты және жануарлар патшалығы,

- өнер туындылары,

- фэнтэзи,

- орман,

- әзіл-сықақ залы.

Фотоаппарат обьективінен немесе ұялы телефон камерасынан қарасаңыз әрбір экспонатқа жан біткендей болады.

Ерекше ғимараттың иесі Раман Тику әрбір келушілерге ұсынылған әрбір көріністе суретшілердің зор еңбегі бар екенін және экспонаттардың әрқайсысы үлкен ыждағаттылықпен таңдалғанын айтты. Осындай тиянақты жұмыстың нәтижесінде пайда болған 3D мұражайға келген қонақтардың ешбірі бей-жай қалмасы анық.

Аударған Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: