Мұсылмандар мен христиандар бірге тасаттыққа шықты

Жаһан
Жарнама

10 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Австралия мұсылмандары мен христиандары Жаратқаннан жаңбыр сұрау үшін бірге тасаттыққа шықты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Саябақтардың бірінде жиналған қауымға алдымен имам Мұхаммед Абдалла тәубә етіп, өткен-кеткен күнәлары үшін шынайы өкініп, Аллаға жалбарынудың маңыздылығы жайында уағыз айтты. Сонан соң сөйлеген пастор патрик МакИнери имамның сөзін қостады.

Уағыздан кейін жиналған көпшілік 7-қаңтарда жауып бастаған жаңбыр тоқтамаса екен деп дұға етті.

Австралияда басы құрғақшылықпен басталған алапат өрт салдарынан ондаған адам қаза тауып, миллиардтаған жануарлар мен өсімдіктер жанып кетті. Сарапшылардың есебімен тілсіз жау 8-10 млн га көлемін шарпып өткен. Бірнеше аймақтар электр жарығынсыз қалып, құрлықтың жартысына дейін түтін жайлаған.

Бұл құрлықта өрт жылда болып тұрады, бірақ осы жолғы табиғи апаттың қамтыған аумағы мен зияны тіпті орасан.

WhatsApp Image 2020 01 10 at 14.53.19

fire2

fire2

fire2

fire2

Бөлісу: