Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды (ВИДЕО)

Абай өлеңдерін оқу эстафетасына Татарстан Президенті қосылды (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

22 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Татарстан президенті Рустам Минниханов қазақ ақыны, ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты, деп хабарлайды tatar-inform.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Татар елінің басшысы ақынның өлеңінен үзінді оқыған видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.
«Қазақ халқының ұлы перзенті, ақыны және ағартушысы Абайдың 175-жылдығына арналған эстафетаны досым – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтен қуана қабылдадым және оны Қазақстан Республикасында тұратын татар диаспорасына жолдаймын», – деді Минниханов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, композитор және ағартушы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Ол – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және тұңғыш классик. «Құнанбаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылған флешмоб әлеуметтік желілерде қарқын алуда. Қатысушылар классиктің өлеңдерін оқып, әндерін орындауда. Флешмобқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайбергенов, композитор Игорь Крутой да қосылған болатын», - деп жазады Татар-информ.

 

Бөлісу: