Мұсылман фотограф әлемді мешіт терезесінен көрсетті

Мұсылман фотограф әлемді мешіт терезесінен көрсетті

Жаһан
Жарнама

3 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мұсылмандар мен басқа қоғамның байланысын жаңа қырынан көрсетуге талпынған фотограф Марван Бассиуни Нидерландының 70-тен астам мешітін аралап, «Жаңа Голландия көріністері» атты пейзаждық фотосуреттер түсірді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Фотосуретшінің шығармашылығына арналған көрме Парижде 14-наурыз бен 10-мамыр аралығында өтеді.  

Марван Бассиуни Нидерланды еліне 5 жыл бұрын өнер академиясында фотосуреттің қыр-сырымен танысу үшін көшіп келген болатын. Өзі Швейцарияның тумасы болғанымен, тегі Америка мен Мысыр елінен. Фотосуретші ретінде ол әрдайым өзінің шығу тегіне және дініне, әртүрлі елдердегі көп мәдениеттілік пен өмір салтына, ислам мен Еуропа арасындағы диалогқа қызығушылық танытты. Бұл қызығушылығы оның «Жаңа Голландия көріністері» атты фотожобасында айқын көрініс тапқан.

«Көптеген адамның ойында ислам жайлы жаттанды пікір қалыптасқан, мен оған өз келіспеушілігімді білдіргім келді. Сондықтан ислам жайындағы теріс пікірлерге қарсы ой саларлық бірдеңе көрсетсем екен деген ниеттен осы жоба пайда болды», - дейді фотограф.

foto

foto

foto

foto

foto

foto

foto

Бөлісу: