Ингушетия Республикасында жаңа мүфти сайланды

Ингушетия Республикасында жаңа мүфти сайланды

Жаһан
Жарнама

12 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сәуір айында коронавирус дертінен көз жұмған Ингушетия мүфтиі Абдурахман Мартазановтың орнына сайлау нәтижесінде Исса Хамхоев тағайындалды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Тамыз айының 10-да карантин салдарына байланысты кейінге қалдырылған бас мүфти сайлауы өтті. Ашық дауыс берген Ғұламалар кеңесінің мүшелері мен имамдар жаңа мүфти ретінде Исса Хамхоевті таңдады.

Ғұламалар кеңесі сәуір айында қайтқан А.Мартазановтың орнына уақытша бас мүфти міндетін бұған дейін мүфти орынбасары қызметін атқарған Магомед Хаштыровке жүктеген еді.

Ингушетия елінде мүфти сайлауы әр бес жылда бір өтеді.

Бөлісу: