Ұмраның алғашқы кезеңі қалай өтетіні белгілі болды

Ұмраның алғашқы кезеңі қалай өтетіні белгілі болды

Жаһан
Жарнама

30 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сауд Арабиясы сақтық шараларын сақтай отырып қажылық маусымын кезең-кезеңмен ашуға шешім қабылдады. Алғашқы кезеңде Ұмраны өтеу үшін 3 сағат уақыт беріледі, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Кіші қажылыққа келгендер бір жерге қаумалап жиналмасы үшін Меккенің айналасындағы аймақ секторларға бөлінеді. 6000 адам топ-топқа бөлініп, Ұмра рәсімін әр түрлі уақытта атқарады. 1000 адамнан тұратын әр топқа 3 сағат уақыт беріледі.

Алғашқы кезеңде кіші қажылық рәсімін тек жергілікті халық пен эмигранттар атқарады, алдағы уақытта басқа елдерден өтініш білдіргендерге рұқсат беріледі.

Пандемия басталып, карантинге жабылғаннан кейінгі алғашқы Ұмра қазан айының 4-не жоспарланып отыр.

Қажылық және Ұмра тақырыбына жазып жүрген журналист Ахмед Салех Халаби, Сауд Арабия билігі келушілерге қауіпсіз құлшылық өтеуге жағдай жасау ниетімен осылай кезең-кезеңмен рұқсат беру шешімін қабылдағанын айтты. Сондай-ақ, ол: «Кіші қажылыққа бірте-бірте рұқсат берілуі Ұмраға қатысты мекемелер мен ұйымдардың қаржылық жағынан қиындығын жеңілдетуге көмектеседі», - деді.

Аударған: Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: