Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Дубайда өтетін EXPO ғимараттарының суреті жарияланды

Жаһан
Жарнама

12 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – EXPO 2020 Dubai көрмесінің ұйымдастырушылары көрме өтетін ғимараттардың суреттерін жариялады. Коронавирусқа байланысты аталмыш көрме 2021 жылға шегерілді, бірақ көптеген нысан көрсетілімге дайын тұр, деп хабарлайды Egemen.kz  сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Композицияның орталығы – күмбезбен көмкерілген Al Wasl Plaza. Ол көрменің үш тақырыптық аймағының қиылысында салынған. Сфераға мұқият қарағанда көрменің логотипін байқауға болады. Соған жақын жерде БАӘ ұлттық павильоны орналасқан. Ғимаратты испан сәулетшісі Сантьяго Калатрава жобалаған. Автордың идеясы бойынша нысан қалықтаған сұңқардың сұлбасына ұқсауы керек.

Соның шінде көрме алаңдары, көрермендер залы, кафе және VIP бөлмелер болады. Орталық алаңнан үш тақырыптық ғимарат тарайды. "Тұрақты даму" павильонының жобасын Grimshaw сәулет бюросы жасаған. Ол технологияның экологиямен және табиғатпен бірлігі тақырыбына негізделген. Конструкцияда күн батареялары бар үлкен аспалы төбе орналасқан. Ол ылғалды ауадан таза су жинап, кеңістікті көлеңкелей алады. Айналасында осыған ұқсас, бірақ кішірек құрылымдар да бар. Көрме аяқталғаннан кейін мұнда Ғылым мұражайы ашылады.

Үшінші аймақ "Мүмкіндіктер" деп аталады, бірақ ұйымдастырушылар ғимараттардың суреттерін көрсеткен жоқ. Көрме алаңына торлы көміртекті талшық порталдары бар үш негізгі кіреберіс кіреді. Әрбір тоннельдің ұзындығы 30 метр, биіктігі 21 метр. Ұйымдастырушылар атқарылған жұмыс көлемін есептегенде 210 миллион сағатты құрады.

dubai1

dubai1

dubai1

 

Бөлісу: