Песков Ресейді «мұсылман ел» деп атады

Песков Ресейді «мұсылман ел» деп атады

Жаһан
Жарнама

2 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейде Charlie Hebdo сынды басылымның жарыққа шығуы мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Ресей бір жағынан мұсылман ел екенін ұмытпайық, Ресейде шамамен 20 млн мұсылман өмір сүруде. Иә, Ресейде христиан діні басым болғанымен, біздің елдің ерекшелігі оның көпұлттылығы мен көпконфессиялылық сипатында», - деп атап өтті Песков.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қандай да болсын діни сенімдерді қорлау фактілеріне және діни негіздегі қылмыстарға жол берілмейтініне баса назар аудартты.

 

Аударған: Индира Жұмабекқызы

Бөлісу: