Facebook-тің қожайыны мұсылмандарға қолдау білдірді

Жаһан
Жарнама

Париж терактісінен кейін әлем елдерінде өршіген исламофобиялық құбылыстар Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергті де бей-жай қалдырмады.

Cоңғы айларда бірқатар елдерде мешіттер мен мұсылмандарға қастандық жасау оқиғалары жиі көрініс табуда.

Цукерберг өзінің Facebook желісін қолданушы мұсылмандар үшін әркез қуанышты екенін айтты. Ол Facebook қоғамдастығы мұсылман қауымының құқын қорғауға, сондай-ақ ізгілік пен достық байланыс орнатуға әзір екенін мәлім етті.

«Біз бір-бірімізге деген сенімді сейілтпеуіміз керек. Жақсылықты көруге ұмтылайық. Сол кезде ғана жер бетінде бейбіт заман орнайды» дейді миллиардер өзінің жеке парақшасында.

Айта кетсек, Цукербергтің мұсылмандарға ізгі ниетін білдіруі бір бұл ғана емес. Ол таяуда өзінің өнертапқыштығымен марапатқа емес, полиция қамауына алынған 14 жастағы америкалық мұсылман оқушы Ахмед Мұхаммедке де алғашқылардың бірі болып қолдау білдірген болатын.

Facebook желісі 2004 жылы негізі қаланған. Бұл желіге айына 1,5 млрд қолданушы кіреді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: