Facebook халалға жол сілтейді

Жаһан
Жарнама

Ресейде алғаш рет мұсылмандар үшін қалада орналасқан халал асханалар, мешіттер, медреселер және мұсылман дүкендерін карта бетінде оңай тауып беретін «халал жол сілтеуші» (HalalGuide) бағдарламасы іске қосылды.

Енді қандай да бір халал асхана не мешітке барғысы келген ұялы телефон иелері аталмыш бағдарламаны телефонға жүктесе жеткілікті.

«Алдағы уақытта бұл бағдарламаны одан әрі дамыту қажет. Ол үшін «Facebook» әлеуметтік желісі тарапынан қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, елдегі барлық ислам орындарының мекенжайын алу үшін ұйымдарымен келіссөз жасап жатырмыз» дейді бағдарламаны шығарушы Аслу Хафиз. Айта кетейік, Facebook компаниясы «HalalGuide» жобасына арнайы бірнеше грант тағайындаған. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: