Исламофобшы-террорист түрмеде 3 күн ғана отырды

Жаһан
Жарнама

Ричмон қаласында (АҚШ) мұсылмандар шоғырланған орталықта теракті ұйымдастырмақ болды деген күдікпен құқыққорғау органы өкілдері қамауға алған сантехник үш күннен кейін босатылған, деп хабарлайды SFGate.

Калифорнияның 55 жасар тұрғыны, сантехник Уильям Селли Контра-Коста округында ұсталып, сәрсенбінің кешінде бостандыққа шығарылған. Ол енді келесі айда ғана зорлық қаупі мен жарылғыш зат сақтау туралы қылмыстық бап бойынша сот алдында жауап береді.

Еске сала кетсек, Уильям Селли өзінің Facebook парақшасында сириялық босқындарға қатысты теріс көзқарастарын жариялап, мұсылмандарға қарсы мәлімдеме жасаған Дональд Трампқа қолдау білдіріп келген. Сонымен қатар, Латын Америкасының еңбек нарығында босқындардың үлкен кедергі келтіретінін де тілге тиек еткен.

АҚШ мұсылман заңгерлері қоғамға қауіпті пікірді таратушы әрі арандатушы адамның бостандыққа жіберілуіне наразылық білдірді. «Діни азшылық қауымға қоқан-лоққы көрсеткен, заңды белінен басқан адамды кепілдікпен босата салуы бізді қайран қалдырып отыр. Осылайша жеңіл әрі тез арада босатып қоя беру терроризм күдігі бойынша құқықтық тергеу ісі тек адамның діні мен ұлтына қатысты ма деген ойға қалдырады» дейді Америка-ислам қатынастары жөніндегі Кеңес бөлімінің директоры Захра Биллу. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: