АҚШ-та мұсылман пошта маркілері жарыққа шықты

Жаһан
Жарнама

АҚШ Ұлттық поштасы жыл басында дәстүрлі түрле жаңа пошта маркілер жиынтығын ұсынды, деп жазады 710keel.com.

Биылғы пошта қызметіндегі ерекше жаңалық ретінде пошта атрибуттары ішінде араб қарпімен жазылған күлгін түсті мұсылман маркісін айтуымызға болады.

Бұл маркілер мұсылман халқының маңызды қос мерекесі – Ораза және Құрбан айтқа орай шығарылған.  

«Eidukum mumbarak» араб каллиграфиясы «Ораза мейрамыңыз қайырлы болғай» мағынасын береді. Маркада сурет бейнеленбеген, тек араб тіліндегі жазу және ағылшын тілінде «Ораза мерекесімен құттықтау» жазылған. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: