Зинедин Зидан – «Реалдың» бас жаттықтырушысы

Жаһан
Жарнама

Мадридтік «Реал» футбол командасының жаңа бас жаттықтырушысы болып клубтың бұрынғы ойыншысы, алжирлік, әлемдік футбол жұлдызы Зинедин Зидан тағайындалды.

Зидан «Реал» клубында 2001-2006 жж. аралығында ойын көрсетті. Өз командасында Испания чемпионы болып, Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды.

Аты аңызға айналған спортшы мұсылман әлемінің үздік ойыншылары ішінде лайықты орынға ие болып келді.

«Иә, мен – мұсылманмын. Мен бүкіл әлемді жаратқан бір Аллаға сенемін. Мен өз жүрегімдегіні бағалаймын» дейді Зидан Psychologies Magazine журналистеріне берген сұхбатында. Бүгінде 44 жасқа жеткен футболист мансаптықты тәмамдаған соң Алжирге оралғысы келетінін де айтты.

«Мен әкеммен бірге отаным – Алжирге оралсам деймін. Бұл менің жүрегімнің түкпіріндегі арманым. Туған еліме, әкемнің малшы болған ауылына барғым келеді» дейді ол. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: