Азияның әсем10 мешіті топтамасында Қазақстанның да орны бар (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Әлем мұсылмандарының 60%-ы Азия елдерінде тұрады. Бұл елдердің архитектуралық мұралары мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысы, әсем үйлесімі деуімізге болады.

Азия елдерінің айшықты әсем құлшылық үйлерінің 10-топтамасында еліміздің де мешіттері бар.


10.«Джами Аср Хассанил Болкиа» мешіті. Мешіт қазіргі монарх билігінің жиырма бес жылдығына орай тұрғызылған. Мұндағы ерекшелік – 29 алтын күмбезі және мешіттің тақ іспеттес мұнаралары.


9. «Омар Әли Сайфуддин Сұлтан» мешіті. Корольдік мешіті Бруней сұлтанаты астанасы Бандар-Сери-Бегаване қаласында орналасқан. Бұл мешіт Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең әдемі және Брунейдің басты қонақжайлылық белгісі ретінде бағалауға болады.


 

8. «Әзірет Сұлтан» мешіті – Астана қаласында орналасқан, көлемі бойынша Орта Азияда Түркмендердің «Түркменбашы рухы» мешітінен кейінгі орында. Мешіт ғимараты классикалық ислам үлгісі мен қазақ халқының ұлттық нақышымн үйлестіре салынған. Есілдің сол жағалауында, Бейбітшілік және келісім сарайы мен «Қазақ елі» монументімен қатар қоныс тепкен. Мешітте 10 мыңға жуық адам бір мезетте құлшылық ете алады.


 

7. «Фейсал» мешіті – Исламабадтағы ұлттық мешіт. Пәкістан мешіті әлемдегі ең ірі құлшылық үйлерінің қатарына кіреді. Мешіт ислам әлеміне өзінің көлемімен танымал. 5 000 шаршы метр аумақта бой көтерген мешітке 300 000 адам сыяды.


 

6. «Мәшһүр Жүсіп» мешіті Қазақстанның Павлодар қаласында орналасқан, 1 500 адамға арналған. Мешіт ғимараты 48×48 метр өлшемінде сегізқиық жұлдыз үлгісінде тұрғызылған. 434 шамнан құралған «Зумрад» хрусталь люстрасы Ташкентте әзірленген. Ғимарат архитектурасы бейбітшілік пен мейірімділікке ашылған жүрек пішінін еске салады.


 

5. «Мөлдір» мешіт Малайзияның Тренгану сұлтанаты Куала-Тренгану қаласында орналасқан. Вон Мэн аралынығ Ислам мұралары бағында бой көтерген. Сыйымдылығы – 1500 адам. Ғимарат темірбетоннан тұрғызылып, айна іспеттес әйнектермен көмкерілген. Мешіт 7 түске өзгеріп тұруымен ерекшеленеді.


 

4. «Хүсейін Сұлтан» мешіті – Сингапурдегі ең ежелгі мешіттің бірі. Сондай-ақ елдің ең танымал ғибадат үйі саналады. Ғимарат Хүйсейін Сұлтанның тұсында – Джохар шахтың әмірімен 1824-1826 жж. тұрғызылған. Шах бұл мешітті өзінің сарайымен қоңсылас салғызған. Сұлтан мешіті сол уақыттан бері өзінің қалыбын бұзбастан сақталып келеді. Екінші дүиежүзілік соғыстан кейін 1963 жылы және 1993 жылы мешіттің үлкен залына ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген.


 

3. «Салахуддин Әбдел Әзиз сұлтан» мешіті. Малайзияның Селангор қаласында орналасқан мемлекеттік мешіт. Бұл – елдегі ең үлкен және Оңтүстік-Азиядағы Индонезияның Джакартадағы Истикляль мешітінен кейінгі екінші ірі құлшылық үйі.


2. «Нюцзе» мешіті Қытайда қоныс тепкен. Пекин территориясындағы ең ірі ғимарат саналады. Мешіттің сыртқы пішіні ислам дәстүрімен қатар қытай мәдениетін де үйлестіріле салынған. Мешіттің ішкі бейнесі толықтай мұсылман мәдениетімен қабысады. Мұнда көптеген бағаналар, декоративтік элементтер және Қытай архитектурасына тән қайқы шатыр да бар.


1. «Түркменбашы рухы» – Түркменстанның бас мешіті. Мешіт 2002-2004 жж. тұрғызылған. Ресми ашылуы 2004 жылдың 22 қазанында өтті. Жалпы көлемі 17 672 шаршы метр. Ғибадат үйін тұрғызуға 100 млн АҚШ доллары жұмсалған. «Түркменбашы рухы» Орта Азиядағы ең үлкен мешіт саналады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: