Хорватия мәдениет министрі лауазымына мұсылман сайланды

Жаһан
Жарнама

Хорватиялық мұсылман Златко Хасанбегович үкімет қатарына қайта сайланды. Жаңа лауазымдық қызметте оған енді Мәдениет министрлігінің тізгінін ұстау бұйырды.

Златок Хасанбегович Хорватияда өзінің консервативтік көзқарасымен және дәстүрлі құндылықтарды ұстануымен белгілі еді. Ол осыған дейін Иво Пилара атындағы Әлеуметтік ғылымдар институтында, «Пилар» журналында бас редактор қызметтерін атқарған.

Ол – дәстүрлі ислам дінін ұстанушы мұсылман. Загребский университетінің Философия факультетінде оқып, магистр және доктор ғылыми дәрежесін алып шықты. З.Хасанбегович Хорватиядағы 65 мыңнан аса адамды құрайтын мұсылман қауымдастығының тыныс-тіршілігіне белсене араласып тұрады. «1878-1945 жж. Загбере мұсылмандары», «1929-1941 жж. Югославтық мұсылман ұйымы» кітаптарының авторы.

Хорватияның Мәдениет министрі лауазымына сайланған З.Хасанбегович Босния мен Герцогивина мұсылмандары арасындағы коммунистік қудалау, террорлық секілді қоғамға қарсы құбылыстар қатысты әртүрлі бастамаларға ұйытқы болып, белсене қатысты. Сонымен қатар, ол Хорватиядағы біржынысты некені заңдастыруға қарсы кампанияларды ұйымдастырушылардың бірі. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: