Судың құны жанармайдан жоғары

Жаһан
Жарнама

Біріккен араб әмірлігінде қарапайым ауыз судың құны көлік жанармайынан асып түскен.

Әмірлікте ең қымбат деген жанармайдың бағасы 40 цент. Ал бөтелкедегі ауыз суды 1-2 долларға сатып аласыз. Бүгінде ел ішінде «Жеңіл таңғы астың өзі көліктің жанармай бөшкесін толтырудан қымбат тұрады» деген сөз де тарап үлгерген.

The National басылымы бұл құбылысты Біріккен араб әмірлігінде мұнай бағасының төмендеуімен түсіндіреді. Ал эколог мамандар жанар-жағар май құнының осыншалықты арзан болуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетінін айтуда. Себебі, бұл ел тұрғындарының экономкласты емес, қымбат көліктерді көбірек мінулеріне жол береді. Ол өз кезегінде табиғаттың бүлінуіне әкеліп соғады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: