Түркия мұқтаждарға көмектесудің тиімді тәсілін қолға алды (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Түркияда қаңтар айынан бастап «Шкафта шаң басқанша, көшедегілерге жылу сыйласын» (Dolabında durmasın, sokakları ısıtsın)  атты ерекше акция қолға алынды, деп хабарлайды Timeturk.

Аталмыш акцияны ұйымдастырған İHH гуманитарлық қоры қала тұрғындарын мұқтаждарға қол ұшын созуға шақырды. 

Игі шара барысында артық жылы киім-кешегі бар азаматтар шын мәнісінде киімге зәру адамдарға көмектесіп, осы мақсатта қаланың жекелеген аудандарында ашылған арнайы орындарға әкелген заттарын өткізулеріне болады.

Осылайша қаладағы әрбір мұқтаж жанның жүрегі жылы адамдардың мейірбандығымен қажетті киімдеріне қол жеткізуіне жол ашылды.   


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: