Жұма намазына қосымша үзіліс берілуі мүмкін

Жаһан
Жарнама

Қырғыз парламенті депутаты Тазабек Икрамов мұсылман қауымы түскі үзіліс кезінде жұма намазын оқып үлгеруі үшін қосымша уақыт беру туралы ұсыныс жасады.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда түскі асқа берілетін үзіліс сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін. Жұма намазы сағат 13:30-да басталып, жарты сағатқа созылады. Осылайша ел мұсылмандары жұма намазын өтеу үшін жұмыстан сұрануларына тура келеді. Ал бұл өз кезегінде Еңбек шартына қайшы келеді, дейді Икрамов.

Осыған байланысты депутат түскі үзілісті ұзартып, сәйкесінше сол күнгі жұмыс уақытына қосымша сағат қосылса деген ұсынысын жеткізді. Бұл бастаманы халқының  85%-ы мұсылман қырғызстандықтар қолдайтынына сенімді екенін де жасырмады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: