Шағын мешіт бой көтерді

Жаһан
Жарнама

Федай Абраров Меккеде қажылық сапарында жүрген уақытта мешіт салу туралы ойға келген.

Қажылық парызын аман-есен өтеп, туған жері Башқұртстанға келгеннен кейін мешіт тұрғызуға қажетті орынды қарастырады. Көпке созбастан, жаңа мешітті дәл үйінің алдындағы аулаға салуды жөн санайды.

Үш аптаның ішінде жақын-жуықтарының жәрдемімен құлшылық үйі де бой көтерген.

«Бар күшімізді салып, қосымша қажетті құрылысшы мамандарды шақыртып, аяғына дейін болдық. Ислам дінімен өмір сүруге, шариғатты барынша ұстануға тырысып келеміз» дейді Федайдың ұлы Эльфир Абраров. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: